Мектепке дейінгі ұйымдар арасында қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, қарапайым экологиялық ұғымдарын қалыптастыру мақсатында өткізілген «Мен зерттеушімін» республикалық байқауының қорытындысы бойынша:
«Жас эколог» номинациясын - Ақжайық ауданы «Ақбота» балабақшасы,
«Креативті жұмыс» номинациясын - Тасқала ауданы «Ақбөпе» бөбекжайы иеленді.
Байқау нәтижелері мен жеңімпаздардың материалдары www.irrd.kz сайтына орналастырылды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының дамуы жолында мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!
https://www.instagram.com/tv/CsnlPeSodmo/?igshid=NjZiM2M3MzIxNA==