Меню KDT
 

Біз туралы

«Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

Орталық туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қарашадағы №312 қаулысы негізінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) біріктіру жолымен Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылды.

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде, педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыруда, білім беру процесінің нәтижелілігін талдау және бағалауды, педагогикалық тәжірибені жалпылау және таратуды қамтамасыз етуде, оқу - әдістемелік жұмысты және оқу - тәрбие процесін психо - педагогикалық, дидактикалық - әдістемелік қамтамасыз ету, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізуде, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда әдістемелік көмек көрсету, ақпараттандыру және білім беру жүйесінде мониторингтік зерттеу жұмыстарын жүргізу функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

Орталық қызметінің мәні:

1) әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;

2) облыстың білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие процесіне ақпараттық технологияларды енгізу;

3) инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда әдістемелік көмек көрсету;

4) білім беру ұйымдарының бухгалтерлік есеп телімдері бойынша құжат айналымының ұйымдастырылуын, бухгалтерлік есептің әдістері мен түрлерін талдау және зерттеу, білім ұйымдарының әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау және болжам жасайды.

Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Электронды мекен жай:
bkobdo@mail.ru
diso.metodkab@mail.ru
zkociso@mail.ru
zkometodkab@mail.ru
Мекен жай:
090000, г.Уральск,
ул. Ескалиева, 72
Разработчик ТОО "BenchMark Consulting"