«MODELS OF TEACHINS» БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР
Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні Эстетикалық бағыттағы гимназиясында «Models of teaching» бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аймақтық семинар өтті.Семинар мақсаты:оқушылардың таным іс – әрекетін қалыптастыруда білімді меңгеру арқылы теория мен тәжірибені ұштастыру. Семинарға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары және Астана қаласының әдістемелік орталықтардың/ кабинеттердің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалмдері қатысты.
Models of teaching» бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аймақтық семинардың пленарлық кезеңінде облысымыздың білім беру ұйымдары: «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» БҚО бойынша Кәсіби даму институты, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының мамандары, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің оқытушылары мен үздік педагогтардың іс – тәжірибелері тыңдалды.
Семинардың секциялық бөлімінде: «Бастауыштағы пәндер сауаттылығын арттырудағы әдіс – тәсілдер», «Интербелсенді әдісті тиімді қолдану – білім сапасын арттыру жолы», «Stem – білім берудің жаңа тренді» бағытында Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары және Астана қаласының бастауыш сынып мұғалімдері мен қатар облысымыздың ұстаздары да өз іс тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар,«Әр облыстан бір көшет», «Өзің оқып, өзгеге сыйла» акциясы ұйымдастырылды.
Семинарға қатысушылар оқытудың түрлі белсенді әдіс-тәсілдерін қолданып, іс-тәжірибелерімен бөлісіп, өз қоржындарын толықтырды.