2022 жылдың 26 қаңтар күні білім беру ұйымдарында білім беруге қажеттіліктері бар балаларды білім алуға құқықтарын жүзеге асыру барысында үйден оқытуды ұйымдастыру жұмыстары бойынша іс - тәжірибелермен бөлісу, кеңес беру іс-тәжірибе алмасу мақсатында “Үйден оқитын балаларды инклюзивті білім беру үдерісіне тарту жолдары” онлайн вебинары оздырылды. Қатысушалар саны -395.
Вебинар барысында «Мониторинг топтары үшін әлеуметтік – транспорттық инфрақұрылым обьектілерін түгендеу барысында қолдануға арналған әдістемелік ұсынымдар», «Үйден оқитын оқушылармен психологиялық түзете – дамыту жұмыстары», «Зерде бұзылыстары бар балалармен жұмыста кинезиотерапия элементтерін қолдану», «Үйден оқыту сабақтарында жаңа технологияларды пайдалану», «Интернет желісіндегі онлайн сервистерді түзете – дамыту сабақтарында қолдану» тақырыптарында мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті.