Меню KDT
 
Недостаточно полномочий

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДАҒЫ «WORLDSKILLS-БІЛІКТІ МАМАН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ЭЛЕМЕНТІ» өңірлік семинар-практикумы

Өңірлік ынтамақтастық қарым–қатынас жасау, өзара тәжірибе алмасу мақсатында біріккен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың 15 ақпанында  Батыс Қазақстан облысы білім  басқармасының білім беруді дамыту орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен онлайн форматында «WorldSkills-білікті маман дамытудың маңызды элементі» тақырыбында семинар-практикумы өткізілді.

Семинарға Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының, Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының, Маңғыстау облысы білім басқармасының білім берудің оқу-әдістемелік орталығының, Қарағанды  облысында білім беруді дамытудың  оқу - әдістемелік орталығының  басшылары және оқу орындары директорларының  оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, өндірістік оқыту шеберлері, арнайы пән оқытушылары қатысты.

Семинарда Батыс Қазақстан облысы білім  басқармасының білім беруді дамыту орталығының директоры Г.К.Кубашева алғы сөзі сөйлеп, барлық  өңірлік әріптестерге алғысын білдірді.  Сонымен қатар  Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Д.У.Жаманбаева Ақтөбе облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде атқарылып жатырған жұмыстарын қысқаша баяндай отырып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Өңіраралық тәжірибе алмасу бағытында аталған бес өңір бойынша  баяндамашылар өз өңірлеріндегі WorldSkills чемпионатының ұйымдастырылуы, қатысушыларды дайындауы, құзыреттілік орталықтарының жұмыстары, WorldSkills тапсырмалары, кәсіби модульдерінің мазмұнын жаңарту қағидаттары, WorldSkills стандарттарын меңгеруі, ерекше білім беруді қажет ететін студенттеріне чемпионат өткізуі, WorldSkills қозғалысының маңызы мен іске асырылуы туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында Батыс Қазақстан облысы білім  басқармасының білім беруді дамыту орталығы, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Р.Т.Куаншалиева  Батыс Қазақстан облысы бойынша WorldSkills  чемпионатында жеткен жетістіктер туралы айтып, қорытындылады.

Қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдар арасында WorldSkiIIs аймақтық чемпионат қатысушыларын дайындау». Кутмамбетов Асхат Маралович

Движение WorldSkills как одно из направлений повышения качества подготовки по рабочим специальностям в системе технического и профессионального образования. Богославская И.Ю.

Worldskills стандартын меңгерту –кәсібіи маман даярлаудағы жаңа бағдар. Жумабаева Л.К

«Процесс организации и проведения региональных чемпионатов по стандартам WorldSkills». Халуева Т.В

«WORLDSKILLS ЧЕМПИОНАТЫ: ТАЛАНТТАРДАН КАДРЛАРҒА ДЕЙІН». Сдыкова Гулшат Габиденовна

Мектепке дейінгі тәрбие  құзыреттілігі бойынша Worlskills чемпионатын  ұйымдастыру  және  өткізу  процесінің  негізгі  аспектілері

WorldSkills аймақтық чемпионатына «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша байқау тапсырмаларын әзірлеу. Идрисова Меруерт Абильтаевна

Кәсіптік білім берудің сапасын жоғарылатуда WorldSkills қозғалысының әсері. Сатқанба Рахия Нәдірбайқызы

«WorldSkills» -маман даярлауға арналған маңызды жоба. Утепкалиева Р.С.

Worldskills қозғалысының маңызы және іске асуы. Тоқсанбаев Р.М.

WORLDSKILLS СТАНДАРТТАРЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, «07130700-ЭЛЕКТРОМЕХАНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ»  МАМАНДЫҒЫНЫҢ КӘСІБИ МОДУЛЬДЕРІНІҢ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ҚАҒИДАТТАРЫ. Якубова Даметкен Курмангалиевна

«WorldSkills Kazakstan» өңірлік чемпионаты «WorldSkills Oral»


Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Почта:
bkobdo@mail.ru
diso.metodkab@mail.ru
zkociso@mail.ru
zkometodkab@mail.ru
Адрес:
090000, г.Уральск,
ул. Ескалиева, 72
Разработчик ТОО "BenchMark Consulting"