Недостаточно полномочий
Шығармашылық алаң: “Орыс тілі мен әдебиетін оқыту: білім берудегі жаңа өлшемдер” облыстық тамыз кеңесінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған секциялық отырысы
2021 жылдың 12 тамыз күні «Білім берудегі өзгеріс: жаңашылдыққа бетбұрыс және іс-әрекет» облыстық тамыз кеңесі аясында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне педагогтердің кәсіби педагогикалық өсуі мен шығармашылығын ынталандыру, біліктілігін көтеру, педагогикалық инновацияларды енгізу, жаңашыл идеяларды насихаттау мақсатында “Орыс тілі мен әдебиетін оқыту: білім берудегі жаңа өлшемдер” тақырыбында секциялық жұмысы өтті. Шығармашылық алаңда Батыс Қазақстан облысының аудандық, қалалық ЖОББМ мұғалімдері қатысып, ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері, мұғалімдердің ізденіс жұмысы, жаңа заман ұстазына қажетті дағдылар, әдеби шығармаларды оқытып, талдату мен функционалдық оқытудың әдіс-тәсілдерін көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Секциялық отырыс соңында кері байланыс жасалып, спикерлерге мұғалімдер тарапынан алғыс айтылды. ZOOM платформасы арқылы 250-ге жуық педагог қатысты. БҚО ББДО-ның YouTube каналында тікелей көрсетілім ұйымдастырылды.