Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 09 тамыз күні арнайы (түзеу) және инклюзивті білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің тақырыптық алаңы аясында педагогтердің шығармашылық шеберлігін шыңдау арқылы жаңаша жүргізілетін жұмыстарға бағыт беру мақсатында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде қазіргі заманғы педагогикалық түзету және тәрбиелеу технологиялары» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы өтті.
Кеңес барысында педагогтер «2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері», «Психикалық дамуы тежелген балалардың оқудағы үлгермеушілігін түзету және жою әдіс тәсілдері», «Изготовление куклы топотушки» шеберлік сынып, «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда дефектолог сабақтарында дидактикалық ойындарды қолданудың тиімділігі», «Ойын арқылы ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың психикалық процесстерін дамыту» тақырыптарында өз іс тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар Орал қалалық мәслихат депутаты А.Губашева мен шығармашылық топ (интеллектуалды еріктілер тобы) ұйымдастыруымен Орал қаласында жүріп жатырған «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуі және жастардың кәсіби бағдары» тақырыбындағы жобаның іске асып жатырған жұмыстарымен және «Дефектологическое сопровождение инклюзивного процесса в практике, по социальной адаптации детей с особыми образовательными потребностями», «Занятия по М.Монтессори 5 идей» шеберлік сыныбы, «Дамуында ерекшеліктері бар балаларды сүйемелдеудің психологиялық аспектілері» тақырыптарындағы шығармашылық жұмысымен таныс болды.
Кеңес қортындылау барысында педагогтермен онлайн кері байланыс ұйымдастырылып, педагогтердің сұранысына сай болғандығы анықталды.
Кеңеске аудандық (қалалық) инклюзивті білім беру саласына жетекшілік ететін мамандары және әдіскерлері, арнайы мектеп-интернаттарының, ПДПКО мамандары, жалпы орта білім беретін мектептерінің, ППТК дефектологтері, логопедтері, инклюзивті және арнайы топтарының тәрбиешілері, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, педагогтер (барлығы 420 педагог) қатысты.