Меню KDT
 
Недостаточно полномочий

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ SMART-Bilim МҮМКІНДІКТЕРІ»

Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен  2021 жылдың 6 тамыз  күні «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ  ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ  SMART-Bilim МҮМКІНДІКТЕРІ»   тақырыбында тамыз кеңесі аясында химия, биология, география пәндерінің секциялық отырысы  өткізілді.

Секция жұмысының  мақсаты: Жаратылыстану пәндерін оқытуда инновациялық идеяларды насихаттау арқылы SMART білім мүмкіндіктерін жетілдіру

Инновациялық алаң жұмысы барысында инновациялық жобалар, соның ішінде  "Jastar-Ckaffolding-Tájirıbe" жобасы,  "SMART BILIM мүмкіндіктері биология сабағында",  "Химия сабағында PISA тапсырмаларын кіріктіру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту", "TOPIQ.KZ электронды оқулықтар платформасы", "Draw.io онлайн-платформасы ақпаратты визуализациялау","География сабақтарында онлайн графикалық редакторлар арқылы оқушылардың зерттеу дағдысын қалыптастыру", "Электронды оқулықтар арқылы сабақ беру барысында құрылымдық келісімді қамтамасыз ету" тақырыптарындағы жаңа идеялар мен "Мектеп ауласы бірегей мүмкіндіктер макроәлемі", "Эко-TREND-болашаққа қадам", "Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру жолдары", "Биология пәнін оқытудағы педагогикалық шеберхана",   тақырыбындағы жаңа инновациялық жобалар ортаға салынып, химия-биология пәндері мұғалімдері үшін STEM оқыту академиясының мамандары "Жаратылыстану пәндеріне енгізілетін модернизациялық технологиялар" тақырыбында STEM кабинеттерін жабдықтау, жұмыс жасау жолдары мен жасалған  бағдарламаларды таныстырды.  

Секция жұмысының қорытындысында  ұсынбалар қабылданды.

Шараға барлығы 660 мұғалім қатынасты.


Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Почта:
bkobdo@mail.ru
diso.metodkab@mail.ru
zkociso@mail.ru
zkometodkab@mail.ru
Адрес:
090000, г.Уральск,
ул. Ескалиева, 72
Разработчик ТОО "BenchMark Consulting"