2021 жылдың 23 сәуірінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушыларының педагогикалық және ақпараттық технологияларды пайдалану құзыреттілігін арттыру, заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары арасындағы «Үздік бейнесабақ» байқауының отырысы оздырылды.
«Үздік бейнесабақ» байқауына колледждерден 44 жұмыс келіп түсті. Сараптама тобының шешіміне сәйкес жұмыстары бағаланып, жеңімпаздар анықталды:
І орын - Т.Темиргалиев, БҚ индустриалды колледжінің өндірістік оқыту шебері;
ІІ орын - А.Нурмашев, Сырым колледжінің өндірістік оқыту шебері;
ІІ орын - Э.Каримова, Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің арнайы пән оқытушысы;
ІІІ орын - Ш.Каратаева, Құрманғазы атындағы саз колледжінің арнайы пән оқытушысы;
ІІІ орын – А.Нурушев, Шыңғырлау колледжінің арнайы пән оқытушысы;
ІІІ орын – Р.Иманбаев, Теректі колледжінің арнайы пән оқытушысы.
Аталымдар:
«Үздік тәжірибелі сабақ» - Б.Хайруллин, Жоғары аграрлық –техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері;
«Өз ісінің шебері» - А.Ашангалиев, Қаратөбе колледжінің өндірістік оқыту шебері;
«Жаңашыл маман» - А.Әкімжанов, Жаңақала колледжінің арнайы пән оқытушысы;
«Үздік инновациялық сабақ» - Р.Чуюншалиева, БҚ индустриалды колледжінің арнайы пән оқытушысы;
«Ізденімпаз маман» - А.Отарбаева, Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінің арнайы пән оқытушысы;
«Креативті болашақ маман» - С.Аханов, Орал политехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері марапатталды.