Меню KDT
 
Недостаточно полномочий

Жаңартылған білім берудің үш күндігі

Ағымдағы жылдың 18-20 мамыры күндері БҚО білім беруді дамыту орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері аясында оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында вебинарлар желісі өткізілді.

Вебинар жұмысына техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары және әдіскерлер қатысты.

Үш күндік вебинар жұмысында білім беруді дамыту орталығының әдіскерлері, Орал қаласы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ филиалының тренерлері, М.Б Ықсанов атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің оқытушылары «Спиральді білім беру бағдарламасының басымдықтары», «Жаңартылған орта білім беру мазмұнының ерекшеліктері мен басымдықтары», «Жаңартылған білім беру аясында пәндерді оқыту ерекшеліктері» және «Критериалды тапсырмалар мен дескрипторлар студенттердің танымдық деңгейін арттыру құралы ретінде» тақырыптарында ақпараттар берілді.

Критериальное оценивание как инструмент активной деятельности студентов

Жаңартылған білім беру мазмұнында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау

Модернизация содержания образования и организация образовательного процесса в колледже

Взаимооценивание и самооценивание работы по информатике по разработанным критериям

Жаратылыстану пәндерінен критериальды бағалау үдерісін ұйымдастыру

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ

Особенности учебной программы по предмету «Русский язык и литература» (для школ с казахским языком обучения)

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың ерекшеліктері» тақырыбындағы вебинар


Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Почта:
bkobdo@mail.ru
diso.metodkab@mail.ru
zkociso@mail.ru
zkometodkab@mail.ru
Адрес:
090000, г.Уральск,
ул. Ескалиева, 72
Разработчик ТОО "BenchMark Consulting"