Меню KDT
 
Недостаточно полномочий

«Жалпы білім беретін мектеп сыныптарындағы инклюзивті және түзете-дамыта оқыту жұмыстарының әдістері» тақырыбында облыстық онлайн вебинар

Білім беруді дамыту орталығының жоспарына сәйкес білім беру ұйымдары педагогтерінің шығармашылық ізденістерін, шеберліктерін шыңдау мақсатында аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің инклюзивті білім беру саласына жетекшілік ететін мамандары, әдіскерлері мен дефектолог, логопед, психолог, педагогтеріне әдістемелік көмек ретінде ағымдағы жылдың 21мамыр күні Казталов аудандық білім беру бөлімімен «SPARK(ИСКРА) - ИДЕЯ» жобасы аясында «Жалпы білім беретін мектеп сыныптарындағы инклюзивті және түзете-дамыта оқыту жұмыстарының әдістері» тақырыбында облыстық онлайн вебинары өтті (Қатысушылар саны-100).
Вебинар барысында «Қашықтан оқыту жағдайында ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқытудағы қолданылған әдіс- тәсілдері», «Түзете дамыта оқыту сыныбындағы қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру», «Ерекше білімді қажет ететін балалармен жүргізілетін дефектологиялық түзете-дамыту жұмыстарының бала дамуына ықпалы», «Қашықтықтан оқыту жағдайында мектеп психологінің ерекше білім беруді қажеттіліктері бар және бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстар»тақырыптарында педагогтердің шығармашылық шеберханалары мен шебер сыныптар өткізілді.Педагогтер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріліп,қашықтықтан ерекше білім беруді қажеттіліктері бар балалармен атқарылып отырған іс-шаралар талқыланды.
Онлайн вебинардың қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.
Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Почта:
bkobdo@mail.ru
diso.metodkab@mail.ru
zkociso@mail.ru
zkometodkab@mail.ru
Адрес:
090000, г.Уральск,
ул. Ескалиева, 72
Разработчик ТОО "BenchMark Consulting"