020 жылдың 28 сәуір күні «Қашықтықтан оқыту – заманауи үрдіс» тақырыбымен облыстық онлайн әдістемелік кеңесөтті.
Әдістемелік кеңеске Білім беруді дамыту орталығының бөлім басшылары, аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, облыстық мектептердің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Орал қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының қызметкерлері және «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының өкілі қатысты.
Кеңес барысында Білім беруді дамыту орталығының директоры Г.Кубашева «Қашықтықтан оқытудың ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметі» туралы қысқаша ақпарат берсе, Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Л.Обыденкина мен менеджер-әдіскер Г.Есмагулова «Қазіргі жағдайдағы Педагогикалық шеберлік орталығының жаңа жұмыс формаларымен» таныстырды.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы, БҚО бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру институты директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Е.Сафиуллин «Қашықтықтан оқыту жағдайында мұғалімдердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру», Л.Жолбатырова «Педагогтердің кәсіби өсу жолындағы «Бөрлі ауданының үздік ұстаздар қауымдастығының жұмысы» туралы баяндап, тәжірибелерімен бөлісті. Білім беруді дамыту орталығы директорының орынбасары С.Алимбаева «Ынтымақтастық пен бірлескен іс-әрекет – қауымдастық дамуының негізі» тақырыбында ақпарат беріп өтті.
Әдістемелік кеңес соңында ұсыныстар қабылданды.
ПЕДАГОГ КАДРЛАРҒА ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУДЕ ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ Г.Кубашева
Бейнесабақтарды дайындаудың ерекшеліктері
«ОЗАТ ТӘЖІРИБЕЛІ ПЕДАГОГТЕРІ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫ