2020 жылы 28 сәуірде Батыс Қазақстан облысының білім беруді дамыту орталығы «Шеберлік сыныптар марафоны» шеңберінде колледж басшысының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларына әдістемелік қолдау көрсету және өзара іс-тәжірибе алмасу мақсатында «Қашықтықтан оқытуда өндірістік сабақтарды теориялық тұрғыдан меңгерту» тақырыбымен вебинар өткізді.
Вебинар барысында Ақжайық аграрлық техникалық колледжі басшысының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары М.Сағындықов қашықтықтан оқыту барысында өндірістік машық сабақтарының теориялық тұрғыда берілу мазмұнына тоқталды.
Колледждің өндірістік оқыту шеберлері Ж.Қадырханов «Фермер шаруашылығы» мамандығының «Ауылшаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист», Л.Шаңгереева «Аспазшы», Н.Набиуллинов «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығы «Техник -бағдарламашы», Бегманов Жомарт «Дәнекерлеу ісі», «Электр газымен дәнекерлеуші» мамандықтары бойынша кәсіптік машық сабақтарын «Google classroom» платформасында көрсетіп, іс - тәжірибелерімен бөлісті.
Толық ақпаратты төмендегі көрсетілген сілтемелерден ала аласыздар:
· https://youtu.be/jm7of-ahcAw
· https://youtu.be/VCRR_aUPwSU
· https://youtu.be/6DRvRwTUkc8