2020 жылдың 20 сәуірі күні Батыс Қазақстан облысы Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін үйрете отырып, оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарастырып, әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қашықтықтан оқыту үдерісіне әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында республикалық вебинар өткізілді.
Вебинар жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің өкілдері, «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен облыстардың әдістемелік орталықтарының басшылары, әдіскерлері қатысты.
Вебинар барысында «Қашықтықтан оқытудың сапасын арттырудың жолдары мен мүмкіндіктері», «Қашықтықтан оқыту жүйесінде оқытушыларға әдістемелік қолдау көрсету», «Тәрбие жұмысының жүргізілу үдерісі», «Қашықтықтан білім беру үдерісінде арнайы пәндердің берілуі» тақырыптарында Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі басшысының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары З.Мұхтар, Батыс Қазақстан медициналық колледжінің бөлім меңгерушісі Ш.Кубиева, Батыс Қазақстан индустиралды колледжі басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Кабулова, Жоғары аграрлық техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Н.Уметова іс-тәжірибелерімен бөлісті. Вебинар жұмысына қатысушылар қашықтықтан оқытуда атқарылған жұмыстар мен маңызды шараларды талқылап, пікірлерімен алмасты.