Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 3 мамыр күні Орал қаласы білім беру бөлімінің №50 «Заңғар» бөбекжайы МКҚК базасында «Бастамадан – нәтижеге дейін» тақырыбында pitch cессия іс-шарасы ұйымдастырылды.
«Бәрін білгім келеді» интеллектуалдық дамыту зертханасы жобасы аясындағы эксперимент алаңдарының тәжірибе алмасуы, педагог қызметкерлердің кәсіби құзіреттіліктерін көтеру мен біліктіліктерін арттыру мақсатында өткізілген іс-шараға облыстық интеллектуалдық дамыту зертханасының және жеке мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері қатысты. Барлығы – 109 педагог.
«Бастамадан – нәтижеге дейін» pitch cессия барысында «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы», «Мектеп жасына дейінгі баланың дамуындағы жетекші қызмет түрі - ойын», «Табысқа жету жолы: шығармашылық қызметті дамыту», «Педагогикалық технологиялардың бірі – денсаулық сақтау технологиялары», «Экологиялық тәрбие – болашақ кепілі» тақырыптарындағы бес тәжірибелік алаңдарында 44 мектепке дейінгі ұйым өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Рitch cессия іс-шарасының соңында қатысушылар әр жұмысты 10 баллдық жүйемен бағалап, үздік жобаларды анықтады. Тәжірибелік алаңда іс-тәжірибесімен бөліскен мектепке дейінгі ұйымдарға сертификаттар табысталды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=646143674001059&id=100058162950831&mibextid=Nif5oz