Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жүзеге асыру бойынша әдістемелік қолдау көрсету, педагогикалық тәжірибе алмасу алаңын құру масатында Білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының жоспарына сәйкес 2023 жылдың 2-3 ақпан күндері Орал қаласы «Хиуаз Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын сапалы жаңартудың қадамдары» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылып өткізілді.
Семинарға аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласы бойынша әдіскерлері, (мемлекеттік, жеке) мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, «мектеп-балабақша-бөбекжай» кешендері, шағын орталық және мектепалды сынып педагогтері қатысты.
Семинар барысында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева алғы сөз алып, семинар қатысушыларына сәттілік тілеп, мектепке дейінгі ұйымдардың алдында нақты міндеттерін тұрғанын, ол ұсынылған қызметтердің сапасын мемлекеттік нормалар мен стандарттарға, сондай-ақ тұтынушының сұранысына сәйкес қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті.
Семинардың бірінші күні ақпараттандыру алаңында нормативті-құқықтық құжаттар бойынша түсіндірме жұмыстары, психологиялық қолдау, құқық бұзушылықтың алдын-алу, педагогикалық әдеп принциптерін сақтау, ҰББДҚ толтыру, педагогтермен жұмыстар жүргізу, педагогтердің білімдері мен біліктіліктерін көтеру бағытында баяндамалар оқылып, тәжірибе алмасу алаңында мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері өз тәжірибелерімен бөлісті. 2023 жылы мемлекеттік аттестациядан өтетін мектепке дейінгі ұйымдарымен сұхбаттасу алаңы ұйымдастырылып, өзін-өзі бағалау өлшем шарттары талқыланып, туындаған сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинардың екінші күні «Bilim Media Group» компаниясының мектепке дейінгі білім беру бойынша контент әзірлеу департаментінің маманы С.И.Темірғалиева педагогтерге әдістемелік көмек көрсету, балабақша жұмысын цифрландыру, ұйымдастырылған іс-әрекетінің барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізу және қолдану мақсатында жұмыс жасайтын BilimKids порталының қызметі бойынша «Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасының трансформациясы» тақырыбы бойынша баяндап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аудандық (қалалық) білім бөлімдері әдіскерлерінің қатысуымен «Әдістемелік қызмет: жетілдіру жолдары мен кәсіби дамыту мүмкіндіктері» дөңгелек үстелінде «2022 жылдың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының қорытындысы» талқыланып, «COLLABORATION» мобильді топтар» жобасы таныстырылып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сапасын жақсарту бағытында мақсат міндеттер белгіленді.
Семинар қорытындысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласын жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылданып, «Еркін микрофон» алаңында қатысушылар өзара пікір алмасып, өткізілген шараға оң баға берді.
https://www.facebook.com/100058162950831/posts/597145122234248/?flite=scwspnss
https://www.facebook.com/100001172652461/posts/5789809817734716/?flite=scwspnss