ФИЗИКА-МАТЕМАТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ: ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ЖАҢА ТАЛАПТАРЫ»
халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Батыс Қазақстан облысының Білім беруді дамыту орталығы Орал қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен бірлесіп ағымдағы жылдың 21 қазан күні мұғалімдердің кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, білім сапасын жоғары нәтижелерге қол жеткізуді көздеген білім ұйымдарының «Интеллект әлемі» жобасы аясында математика және физика пәні мұғалімдеріне арналған «Физика-математикалық білім беруді дамыту: қазіргі заманның жаңа талаптары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.
Мақсаты: қазіргі мектепте физика-математикалық білім беру сапасын арттырудың заманауи теориялық-әдіснамалық мәселелерін ашық кәсіби-қоғамдық талқылау, қиындықтар мен шешімдерді анықтау болып табылады.
Ғылыми-практикалық конференцияға республикамыздың әрбір өңірінен: Түркістан, Алматы, Жетісу және Варшава қаласы (Польша) мен іргелес жатқан Саратов облыстарынан (Ресей) педагогтер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Барлығы 500 педагог қатысты.
Конференция «Қазіргі физика-математикалық білім берудің мәселелері мен болашағы», «Математика және физика пәнін оқыту жағдайында цифрлық білім беру ортасын қалыптастыру және дамыту», «Математика, физика сабақтарында оқыту сапасын арттыруда эксперименттік және инновациялық іс-әрекетті қолдану», «Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және математикалық сауаттылығы: қалыптастыру мен бағалаудың табысты тәжірибелері», «Балалардағы физика-математикалық қабілеттер мен таланттарды дамыту: тәжірибе және даму перспективалары» сынды негізгі бес бағытты қамтыды.
Конференция аясында ҚР және РФ физика-математикалық білім беру саласындағы мемлекеттік саясат, физика-математикалық білім беру сапасын арттырудың қажетті шарты ретінде педагогтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және жетілдіру, оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және математикалық сауаттылығы: қалыптастыру мен бағалаудың табысты тәжірибелері, физика-математикалық білім беру бағытында балаларға жалпы және қосымша білім беруді біріктірудегі табысты тәжірибелер, инклюзивті кеңістіктегі математикалық және физикалық білім, математика және физика пәндері бойынша оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындаудың үздік тәжірибелері, балалардың физика-математикалық қабілеттері мен таланттарын анықтау, қолдау, дамыту: тәжірибе және даму болашағы тақырыптарында мәселелер талқыланды.
Бүгінгі өткізілген халықаралық ғылыми- практикалық конференцияға 100-ден астам жұмыс келіп түсті. Бірінші іріктеу кезеңінен 36 жұмыс ой бөлісу алаңына жолданып, педагогтердің озық тәжірибелері таныстырылды. Мазмұны, мағынасы терең, ғылымилығы басым жұмыстардың барлығы конференцияның материалдар жинағына енгізіледі.