Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 3 наурыз күні Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потенциалын арттыру, инновациялық белсенділіктерін дамыту, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау мақсатында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында жас педагогтердің VI Республикалық байқауының облыстық кезеңі оздырылды.
Байқауға негізгі, жалпы білім беретін мектептер мен лицей-гимназиялардан 17 жас педагог қатысты. Байқау үш бөлімді қамтыды.
І бөлім: «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазу.
ІІ бөлім: «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін-өзі таныстыру.
ІІІ бөлім: «Ашық сабақ». Қатысушылар бейтаныс сыныпта сабақ өткізу.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім басқармасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен, алғыс хаттармен марапатталды.
І орын – А.Окасова, Орал қаласы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп – лицей – интернатының тарих пәні мұғалімі;
ІІ орын – Д.Кунашев, Орал қаласы Эстетикалық бағыттағы гимназияның тарих пәні мұғалімі;
ІІІ орын – Н.Жұмабаев, Казталов ауданы Қараөзен мектеп – лицейінің физика пәні мұғалімі;
Алғыс хат – Т.Кенжеғалиев, Бөкей ордасы ауданы М.Бегалиева атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі;
Алғыс хат – А.Бақиев, Жаңақала ауданы Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
Алғыс хат – Н.Жәнібек, Сырым ауданы Сырым мектеп -лицейінің математика пәні мұғалімі;
Алғыс хат – А.Исмагулов, Шыңғырлау ауданы Жаңатұрмыс негізгі орта мектебінің биология пәні мұғалімі;
Алғыс хат – Г.Мугалимова, Орал қаласы Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп – лицей интернатының математика пәні мұғалімі иеленді.
Барлық қатысушыларға сертификат берілді.
1,2,3-орын алған жас педагогтер байқаудың Республикалық кезеңіне жолданады.
Барша әріптестерімізді құттықтаймыз!