«The Millennial Teacher» шығармашылық байқауы
Білім беруді дамыту орталығының 2023 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес 27 қаңтар күні қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пән мұғалімдерінің мәртебесін көтеру, тәжірибелерін насихаттау және қолдау мақсатында «The Millennial Teacher» байқауы өткізілді. Байқауға барлығы 17 команда (68 мұғалім) қатысты.
І. Педагогикалық жоба бөлімінде әр топ берілген уақыт ішінде таңдаған тақырып бойынша жоба үлгісін құрастырып, қорғады. Жоба дайындауға – 15 минут, қорғауға – 5 минут берілді.
ІІ. Педстарт бөлімінде Online test Pad цифрлық платформасы арқылы педагогика-психологиядан 15 сұраққа жауап берді;
ІІІ. Инновациялық траектория бөлімінде үй тапсырмасы ретінде еркін форматта бір жаңа инновациялық әдісті көрсетті. Қорғауға – 5 минут берілді.
Барлық бөлімде командалар өте белсенді қатысты. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс, дарынды балалармен жұмыс, жас мамандармен жұмыс, сабақта жобалық зерттеу жұмысы, мұғалімнің өзін-өзі дамытуы, озат тәжірибелі мұғалімдер жұмысы, мектеп музейінің жұмысы, мектептің өзі-өзі басқару ұйымы, мектеп имиджін қалыптастыру, тәлімгер және жас мама, электрондық оқулық дайындау, мектеп - ата-ана – ғаламтор, «Wikipedia клубы», «Жайлы мектеп», Бизнес-инкубатор, колледж - Мектеп – ЖОО, кәсіптік бағдар тақырыптары бойынша түрлі жоба үлгілерін қорғап шықты.
Байқаудың жеңімпаздары қазылар алқасының шешімі бойынша төмендегідей қорытынды шығарылды:
І орын – Ақжайық ауданының «Bilim keepes» командасы;
ІІ орын – Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-лицей-интернатының «11 stars» командасы;
ІІ орын – Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мектеп-гимназия-интернатының «The brilliant Teachers» командасы;
ІІІ орын – Бөкейордасы ауданының «Нарын Brand» командасы- балл;
ІІІ орын – Қаратөбе ауданының «GENERIC TEACHERS» командасы.
Алғыс хат:
Сырым ауданының «Элита» командасы;
Бәйтерек ауданының «IQas» командасы;
Тасқала ауданының «SMART» командасы;
Казталовка ауданының «Шабыт» командасы;
Орал қаласының «Millenium TIME» командасы.