Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 22-31 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері мен әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы онкүндік жұмысын аяқтады.
Курс аясында тыңдаушылардың теориялық, психологиялық білімдері кеңейіп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту аясындағы кәсіби даярлықтары артты. Практикалық бағытта Орал қаласының №48 «Мұрагер», №49 «Ақниет», №35 «Шұғыла», №39 «Салтанат» бөбекжайлары өз тәжірибелерімен бөлісіп, педагогтерге кіріктірілген ұйымдастырылған іс әрекеттерін, танымдық, интеллектуалдық ойындарын, инновациялық, зияткерлік жобаларын, бақылау жұмыстарын, шеберлік сыныптарын, ата-аналарымен ынтымақтастық бағытындағы жұмыстарын көрсетті.