«Мектеп – кеме, білім - теңіз» демекші, мектеп – қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен кемеңгерліктің, таным мен тәрбиелі істердің қасиетті ордасы. Ендеше, бүгінгі мектеп бітіруші түлектеріміз оқушылық өмірде осындай ұлағатты істердің ұшқынын бойына сіңіріп, байыпты бағдарын бойларына дарытып, білім көкжиегін кеңейте білді деп санаймыз.
Биылғы 2022-2023 оқу жылының өзгерістеріне сәйкес жаздың алғашқы күнінде мектеппен қоштасып, үлкен армандарға қадам басқалы тұрған түлектерге де өркениетті көшке ілесіп, еліміздің іргесін нық қалайтын зияткер ұрпақ болады деген сенім білдіреміз.
Әр бала елдің ертеңгі болашағы деп есептесек оның денсаулығы, өмірі аса маңызды. Балаларымыздың балалық шақтары бақытты, болашақтары жарқын болсын!
Жас түлектер! Сәттi сапар, өмiрлерiңе құтты қадам тiлейміз!