Ағымдағы жылдың 24 тамыз күні педагог қызметкерлердің облыстық Тамыз конференциясы аясындағы «Жұлдызды сәт» үздік тәжірибелер шеруінің секциялық жұмысы Орал қаласының №37 жалпы білім беретін орта мектебінің базасында өтті.
Педагогтердің жаңа идеялар мен жаңалықтарды енгізуіне, жұмыс тәжірибелерімен өзара бөлісуіне қолдау көрсету, педагогикалық озат тәжірибе алмасу алаңын құру, үздік педагогтерді қолдау және іс-тәжірибелерін насихаттау мақсатындағы секция жұмысына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, шағын жинақты мектептер мұғалімдері, ресурстық орталықтар және магниттік мектеп директорларының орынбасарлары, білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша педагогтері қатысты.
Секциялық жұмысы алдында «Асық»-ойнау мен ойлау құралы» (Тасқала ауданы С.Ғаппаров, Орал қаласы Н.Ишангалиева, А.Ақылбаева), «Балабақшдағы робототехника» (Сырым ауданы Ж.Меңдешұлы, Ақжайық ауданы Б.Құстаубаева), «STEAM» технологиясының ғажайыптары» (Орал қаласы Л.Ахметжанова, Бөрлі ауданы Г.Машгулова), «ЭКОбалабақша» (Орал қаласы В.аманшина, Бәйтерек ауданы А.Сиражиева, А.Шамшитова), «Бастауыш-білімнің алғаш кілті» (Орал қаласы Б.Қойшыгулова, Ш.Балешова) тақырыптарында көрмелер ұйымдастырылып, қонақтарға таныстырылды.
Үздік педагогтердің «Жұлдызды сәт» шеруінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша Ү.Ельжанова (Бөрлі ауданы), А.Саматов (Жәнібек ауданы), Ш.Сабирова (Орал қаласы), А.Сапаров (Тасқала ауданы), Н.Латыпова (Орал қаласы), бастауыш білім беру бойынша Ш.Темиргалиева (Казталов АББ), Г.Ильясова (Жаңақала ауданы), Ә.Аубакирова (Қаратөбе ауданы), А.Жұмаева, Г.Логачева (Орал қаласы), шағын жинақталған мектеп бойынша А.Турмагамбетова (Тасқала ауданы), А.Бисенғалиева (Шыңғырлау ауданы), А.Ермуканова (Теректі ауданы), Р.Кенисариева (Бөрлі ауданы), А.Сагидуллина (Қаратөбе ауданы) әдістемелік тәжірибелерімен бөлісіп, тәрбие мен оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін ұсынды.
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту», «Бастауыш білім беру», «Шағын жинақты мектептерді оқыту» секциялық жұмыстарында жаңа 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хаты, өзгертілген нормативті-құқықтық құжаттары, білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы жаңалықтар талқыланып, педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру барысында тиімді әдіс-тәсілдері мен ұтымды идеялары ортаға салынды. Сонымен қатар жаңа оқу жылына білім берудің басым бағыттары мен міндеттері белгіленіп, ұсынымдар қабылданды.