Меню KDT
 
Недостаточно полномочий

«Оқу-әдістемелік жұмыс: тәжірибесі, мәселелері» тақырыбында облыстық семинар-практикумы

Облыстық білім беруді дамыту орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің  ұйымдастыруымен  ағымдағы жылдың 1-2 наурызында «Оқу-әдістемелік жұмыс: тәжірибесі, мәселелері» тақырыбында облыстық семинар-практикумы өткізілді.

Семинар-практикумның бірінші күні бағдарламаға сай басты бағытының бірі  инженер-педагогтерді аттестаттаудан өткізу мәселесі бойынша аттестаттаудың қызмет нәтижелерін кешенді талдау рәсімінде туындаған мәселелер туралы  Жоғары аграрлық-техникалық колледжі директорының оқу-әдістемелік бірлестік жұмысы бойынша орынбасары, аттестаттаудың сараптамалық комиссия мүшесі А.М.Кайрлиева баяндап берсе, ТжКББ бөлімінің әдіскері З.К.Тажикбаева  ҚР Білім және ғылым министрінің 12.11.2021     № 561 бұйрығымен редакцияланған  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығын жіктеп түсіндірді. Сонымен бірге әріптестер арасында қарым-қатынас нығайту бағытында психологиялық тренинг өткізіліп, жаңғыртылған білім жүйесі бойынша шебер-кластар оздырылды.

Екінші күнінде жоспарланған бағдарламаға сәйкес Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің тәжірибелі оқытушылары «Оқу үрдісіндегі геймификация », «Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ) құрудың тиімділігі мен артықшылықтары», «Кәсіптік модуль бойынша оқу жұмыс бағдарламасын құру жөніндегі мәселелер», «Арнайы пәндер оқытуда инновациялық білім беру технологияларын қолдану ерекшеліктері» тақырыптарында презентациялар жасап, тәжірибелерімен бөлісіп, карусель әдісі бағытында коучингтар өткізді.  Бірінші күні өткен психологиялық тренингтің қорытындысы ретінде  Орал ақпараттық  технологиялық колледжінің педагог-психологі  А.М.Искакова  «Ұжымда жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастыру» бағытында  психологиялық тренинг жүргізіп, сонымен бірге қатысушыларға Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің оқытушысы Р.М.Махметовтың түсіндіруімен 3D Cave BIM технологиясы бойынша  проекторлар бөлменің өлшеміндегі текшенің қабырғаларына бағытталған виртуалды шындықтың иммерсивті ортасы көрсетілді.

Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.


Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Электронды мекен жай:
bkobdo@mail.ru
diso.metodkab@mail.ru
zkociso@mail.ru
zkometodkab@mail.ru
Мекен жай:
090000, г.Уральск,
ул. Ескалиева, 72
Разработчик ТОО "BenchMark Consulting"