Өңірлік ынтамақтастық қарым–қатынас жасау, өзара тәжірибе алмасу мақсатында біріккен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың 15 ақпанында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен онлайн форматында «WorldSkills-білікті маман дамытудың маңызды элементі» тақырыбында семинар-практикумы өткізілді.
Семинарға Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының, Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының, Маңғыстау облысы білім басқармасының білім берудің оқу-әдістемелік орталығының, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының басшылары және оқу орындары директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, өндірістік оқыту шеберлері, арнайы пән оқытушылары қатысты.
Семинарда Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының директоры Г.К.Кубашева алғы сөзі сөйлеп, барлық өңірлік әріптестерге алғысын білдірді. Сонымен қатар Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Д.У.Жаманбаева Ақтөбе облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде атқарылып жатырған жұмыстарын қысқаша баяндай отырып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Өңіраралық тәжірибе алмасу бағытында аталған бес өңір бойынша баяндамашылар өз өңірлеріндегі WorldSkills чемпионатының ұйымдастырылуы, қатысушыларды дайындауы, құзыреттілік орталықтарының жұмыстары, WorldSkills тапсырмалары, кәсіби модульдерінің мазмұнын жаңарту қағидаттары, WorldSkills стандарттарын меңгеруі, ерекше білім беруді қажет ететін студенттеріне чемпионат өткізуі, WorldSkills қозғалысының маңызы мен іске асырылуы туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту орталығы, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Р.Т.Куаншалиева Батыс Қазақстан облысы бойынша WorldSkills чемпионатында жеткен жетістіктер туралы айтып, қорытындылады.
Қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.
Worldskills стандартын меңгерту –кәсібіи маман даярлаудағы жаңа бағдар. Жумабаева Л.К
«Процесс организации и проведения региональных чемпионатов по стандартам WorldSkills». Халуева Т.В
«WORLDSKILLS ЧЕМПИОНАТЫ: ТАЛАНТТАРДАН КАДРЛАРҒА ДЕЙІН». Сдыкова Гулшат Габиденовна
«WorldSkills» -маман даярлауға арналған маңызды жоба. Утепкалиева Р.С.
Worldskills қозғалысының маңызы және іске асуы. Тоқсанбаев Р.М.
«WorldSkills Kazakstan» өңірлік чемпионаты «WorldSkills Oral»