Недостаточно полномочий
«Білім берудегі инновациялық және педагогикалық зерттеулер» музыка пәні мұғалімдеріне арналған тамыз кеңесінің секциялық жұмысы
Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 12 тамыз күні Педагогикалық қызметкерлердің облыстық тамыз конференциясы аясында музыка пәні мұғалімдеріне арналған педагогтердің кәсіби өсуі мен шығармашылығын ынталандыру, жаңа технологиялық идеяларды насихаттау мақсатында «Білім берудегі инновациялық және педагогикалық зерттеулер» тақырыбында секциялық отырысы оздырылды. Шығармашылық алаң формасында өткізілген жұмысқа Батыс Қазақстан облысының аудандық, қалалық ЖОББМ мұғалімдері қатысып музыка сабағында оқушыларды ұлттық құндылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу, жаңа инновациялық әдістемелердің тиімділігі, мақсатқа орай оқушы іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру өз шебер сыныптарымен бөлісті. Секциялық отырыс соңында кері байланыс жасалып, спикерлерге мұғалімдер тарапынан алғыс айтылды. ZOOM платформасы арқылы 100-ден астам педагог қатысты, БҚО ББДО YouTube каналында тікелей эфирде көрсетілім ұйымдастырылды.