Батыс Қазақстан облысы білім беруді дамыту орталығы 2021 жылдың 14 мамырында көршілес Самара облысының кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында кәсіби білім беру жұмысын жүргізетін іс-шараларды қолдау, ынтымақтастықты нығайту, мамандар даярлаудағы жұмыстарды жетілдіру және өзара іс тәжірибе алмасу мақсатында бейнеконференциясы өткізілді.
Бейнеконференция Самара облысының білім және ғылым министрінің кәсіптік білім беру және ұйымдастыру қызметі департаментінің орынбасары О.Г.Лысикова мен Батыс Қазақстан облысы білім беруді дамыту орталығы директорының орынбасары Н.М.Сабировтің алғы сөздерімен ашылды.
Бейнеконференция барысында Орал гуманитарлық-техникалық колледжі мен Самара әлеуметтік-педагогикалық колледжі, Теректі колледжі мен Усольск ауылшаруашылық техникумы, Батыс Қазақстан жоғары инженерлік-технологиялық колледжі мен Самара политехникалық колледжі, Сервис және жаңа технологиялар колледжі мен Самара аспаздық өнер техникумы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Алдағы уақытта екі облыстың ТжКББұйымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру мақсатында өзара келісімге қол жеткізілді.