2020 жылдың 12 мамырында Батыс Қазақстан облысының білім беруді дамыту орталығы «Шеберлік сыныптар марафоны» шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушыларымен өндірістік оқыту шеберлеріне қашықтықтан оқыту технологиясы арқылы оқу үрдісінде инженер-педагогтердің коммуникациялық технологияларды пайдалануда ақпараттық қорлар мен жүйелерді қалыптастыру және білім деңгейлерін көтеру мақсатында «Қашықтықтан оқытуда оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы «Қашықтықтан оқыту жүйесінде білім контенттерін жасақтау технологиясы» бағыты бойынша вебинар өткізілді.
Вебинар барысында Теректі колледжінің өндірістік оқыту шебері С.Сундетова «Картоп көжесін дайындау» өндірістік сабағында өткен тақырыпты қайталау кезеңінде тест-диктант арқылы білімдері тексерілетіні, жаңа тақырыпты түсіндіру және қорытындылау кезінде тірек сигналы суретін, интерактивті әдісті, сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы бойынша, Венн диаграммасын қолданатыны бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті. Бөрлі колледжінің арнайы пән оқытушысы Л.Жуковская Орман шаруашылығы мамандығы бойынша «Топырақтану»пәнінін оқу тәжірибесіндегі орман шаруашылығында түсірілген бейне сабақтарын ұсынды. Тасқала колледжінің арнайы пән оқытушысы Р.Хайруллина «Балық етінен дайындалатын жартылай фабрикаттар» Semi-finished fish products» тақырыбындаCLIL әдісі бойынша Zoom платформасындағы сабағын көрсетті.
Толық ақпаратты төмендегі көрсетілген сілтемелерден ала аласыздар:
https://drive.google.com/file/d/1oM0p5B3yfNkiMsV2HN5gIME5WDqh8Fbu/view
Почвы и факторы их образования (часть 1)
https://drive.google.com/file/d/1_AUMP5x0-oonySFtJEvQ9kxp4yUY_7hP/view
Почвы и факторы их образования (часть 2)
https://drive.google.com/file/d/1pNhiPE2XCsb9-rxdcye2Y__4h9qZQpE4/view
Почвы и факторы их образования (часть 3)