Меню KDT
 
Недостаточно полномочий

«АВА - ТЕРАПИЯ» (аутистік спектрі бұзылған балалар) тақырыбында облыстық онлайн вебинар

Білім беруді дамыту орталығының жоспарына сәйкес білім беру ұйымдары педагогтерінің шығармашылық ізденістерін, шеберліктерін шыңдау мақсатында облыстық,аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің инклюзивті білім беру саласына жетекшілік ететін мамандары, әдіскерлері мен дефектолог, логопед, психолог, педагогтерінеәдістемелік көмек ретіндеағымдағы жылдың 5 сәуір күні Орал қаласының мүгедек балалардың «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігімен «SPARK (ИСКРА) - ИДЕЯ» жобасы аясында «АВА - ТЕРАПИЯ» (аутистік спектрі бұзылған балалар) тақырыбында облыстық онлайн вебинары өтті. (Қатысушылар саны-100)
Вебинар барысында Орал қаласының мүгедек балалардың «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігіндегі аутистік спектрі бұзылған балаларға арналған «Асыл Мирас" Аутизмдегі диагностикалық қызмет", "Ерте жастан қолдау", "Оқыту дағдыларын дамыту", «Әлеуметтік дағдыларды дамыту" бағдарламаларымен таныстырылып, арнайы мамандары тарапынан туындаған сұрақтар бойынша пікір алмасылды, қашықтықтан аутистік спектрі бұзылған балалармен атқарылып отырған іс-шаралар талқыланды.
Онлайн вебинардың қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.
Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Электронды мекен жай:
bkobdo@mail.ru
diso.metodkab@mail.ru
zkociso@mail.ru
zkometodkab@mail.ru
Мекен жай:
090000, г.Уральск,
ул. Ескалиева, 72
Разработчик ТОО "BenchMark Consulting"