Меню KDT
 
Недостаточно полномочий

«КӘСІБИ БАСШЫЛАР» МЕКТЕБІНІҢ ОНЛАЙН КЕҢЕСІ

Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 29 сәуірі күні онлайн форматта «Кәсіби басшы» мектебінің кезекті отырысы «Мектепте қашықтықтан оқытуды енгізу аспектілері» тақырыбында өтті. Мектеп басшыларының қашықтықтан оқыту жағдайындағы басшылық жауапкершілігі, тайм-менеджментті тиімді ұйымдастыру, онлайн түрінде біліктілігін арттыру мен өзін-өзі дамыту мақсатында ұйымдастырылған вебинарға «Кәсіби басшы» мектеп тыңдаушыларымен қатар республиканың 30 пилоттық мектеп директорлары да қатысты.
Вебинар барысында «Мектепте қашықтықтан оқытуды енгізу аспектілері», «Шағын жинақталған мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жолдары», «Қашықтықтан оқытуды ауыл мектебінде ұйымдастыру», «Құндылықтарға негізделген білім беру және қашықтықтан тәрбие жұмысының жүргізілуі», «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы психологиялық қолдау» тақырыптарында «Кәсіби басшы» мектеп жетекшісі А.Губашева, Шыңғырлау ауданы Белогор негізгі мектебінің директоры А.Буранбаев, Тасқала ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Э.Дакишева, Батыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ – ИННОВАЦИЯ» мектеп – лицей – интернаты директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Н.Алтынбекұлы мен тарих пәнінің мұғалімі Р.Құсайынов, Орал қаласындағы физика – математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің педагог – психологы Г.Сихова іс – тәжірибелерімен бөлісті.
«Кәсіби басшы» отырысына қатысушы Атырау облысы Исатай ауданы Ж.Мырзағалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Т.Исмагулова облыс көлемінде жұмыс жасап отырған мектептің тың жоба екенін айта келе вебинардан алған әсерлеріне тоқталып, өз мектебінің жұмыс тәжірбиесімен бөлісті.
Вебинар соңында қатысушылар кері байланыс жасап,өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Вебинарды БҚО ББ Білім беруді дамыту орталығының директоры Г.Кубашева қорытындылады.

Вебинар материалдарын төмендегі сілтеме арқылы сайтымыздан жүктеп ала аласыздар

Бағдарлама: «Мектепте қашықтықтан оқытуды енгізу аспектілері»

Модуль: «Сапаны қадағалау» Вебинар тақырыбы: «Мектепте қашықтықтан оқытуды енгізу аспектілері»

«Шағын жинақталған мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жолдары»

Сельская школа в дистационном обучении


Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Электронды мекен жай:
bkobdo@mail.ru
diso.metodkab@mail.ru
zkociso@mail.ru
zkometodkab@mail.ru
Мекен жай:
090000, г.Уральск,
ул. Ескалиева, 72
Разработчик ТОО "BenchMark Consulting"