Меню KDT
 
Недостаточно полномочий

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ҮРДІСІН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Сәуірдің 27 күні Білім беруді дамыту орталығының «Шеберлік сыныптар марафоны» аясында жоспарланған "БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ҮРДІСІН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУЫ" вебинары ZOOMплатформасында өтті.
Аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттің бастауыш сыныптар бойынша әдіскерлері мен бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 43 педагог қатысқан вебинардың мақсаты қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтерге әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Алдымен орталық әдіскері Д.Сағынаева вебинар жұмысымен таныстырып, қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсынымдарға тоқталды. «BilimMediaGroup» компаниясының маманы Амангелдин Ізбасар «Online Mektep» мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіріп , педагогтер сұрақтарына жауап берді. Ақсай қаласының №7 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Бирниязова Айгүл Муханбетқызы «Қашықтықтан оқыту – кері байланыс», С.Сейфуллин атындағы №11 ДБАМОМИК бастауыш сынып мұғалімі Суханова Гүлшат Рахимқызы «Қашықтықтан оқыту үдерісі», Бөрлі ауданының Бөрлі ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Гречкина Антонина Николаевна«Адаптация поурочного планирования начальной школы к условиям дистанционного обучения», Бәйтерек ауданының Бәйтерек аудандық білім бөлімінің әдіскері Есеналиева Балжан Жеткенқызы «Эффективные формы и методы реализации дистанционного обучения в начальных классах», Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғаліміБазарбаева Ботакуз Казиқызы «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру», Ақжайық ауданының Қ.Байсықов атындағы ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Альмешова Бибінұр Серікқызы «Бастауышта қашықтықтан оқыту жүйесі», Шыңғырлау ауданының Л.Қылышев атындағы ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Тукенова Алмагүл Абайқызы «Қашықтықтан оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруда кері байланысты ұйымдастырудың жолдары», Қаратөбе ауданының Мұхит ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Ниязова Венера Талапқызы«Ғарышқа саяхат» сабағы. Тиімді әдістер» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен, тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.Сонымен қатар әдіскерлер мен мұғалімдер «Бастауыш мектептерде сабақ жоспарын қашықтықтан оқытуға бейімдеу», «IV тоқсанда ЖБ мен ТЖБ-ды өткізудің тиімді жолдары» тақырыптарын да талқылап, ойларын ортаға салды.
Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Электронды мекен жай:
bkobdo@mail.ru
diso.metodkab@mail.ru
zkociso@mail.ru
zkometodkab@mail.ru
Мекен жай:
090000, г.Уральск,
ул. Ескалиева, 72
Разработчик ТОО "BenchMark Consulting"