Недостаточно полномочий
«Математика пәнінен қашықтық оқыту: ұйымдастыру, сабақ өткізу, кері байланыс» облыстық вебинар
Ағымдағы жылдың 22 сәуір күні вебинарлар марафоны аясында Батыс Қазақстан облысының Білім беруді дамыту орталығы «Математика пәнінен қашықтық оқыту: ұйымдастыру, сабақ өткізу, кері байланыс» тақырыбымен облыстың математика пәні мұғалімдеріне Zoom платформасы арқылы вебинар өткізді.
Қашықтықтан оқытуда цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану, математика пәні мұғалімдерінің шығармашылық белсенділіктерін арттыру мақсатымен өткізілген вебинар жұмысына облыстың математика мұғалімдері, әдіскерлер және BilimMediaGroup компаниясы маманы қатысты.
«Қашықтықтан оқыту жағдайында сабақты жоспарлау», «Математиканы қашықтан оқыту үшін қолданылатын платформалар», «Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану», «Online Mektep», «Как одна из форм организации учебной деятельности», «Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді кері байланысты ұйымдастыру», «Тәуелсіз оқиғалар. Тәуелді оқиғалар. 11- сынып алгебра» тақырыптарында Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатының математика пәні мұғалімі А.Имангалиева, №42 «Ақниет» мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімдері Д.Канатбаева мен А.Ергалиева, Bilim Media Group компаниясы маманы І.Амангелдин, №8 ДБМОМ С.Шаяхметова, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Е.Есетов іс-тәжірибелерімен бөлісті. Вебинар қатысушылары қашықтықтан оқытуда цифрлық ресурстардың ерекшеліктері, тиімділігі және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану тақырыптарында пікір алмасты.