Недостаточно полномочий
«Мектеп асханаларын сенімгерлік басқару, құрал-жабдықтарын ауыстыру және ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізу» тақырыбында жиналыс өтті
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары, жеке кәсіпкерлердің қатысуымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында облыс көлеміндегі «Мектеп асханаларын сенімгерлік басқару, құрал-жабдықтарын ауыстыру және ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізу» тақырыбында жиналыс өтті. Жиынға басқармасы басшысының орынбасары З.Гумарова төрағалық жасады.
Білім беруді дамыту орталығының инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бөлімінің басшысы С.Сулейменов «Мектеп асханаларын сенімгерлік басқару, құрал-жабдықтарын ауыстыру және ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізу» тәртібін, тәсілдерін түсіндіріп баяндап берді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің қолдану аясы экономиканың барлық саласында жүзеге асырылуда.
Білім басқармасы Орал қалалық білім беру бөліміне қарасты 45 мектептің «Асханаларын сенімгерлік басқару құрал-жабдықтарын ауыстыру және ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткізу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында конкурстық құжаттарын жасақтауды аяқтау барысында. Алғашқы жоба сараптаманың оң қорытындысын алса, кейбір жобалар тексерілу үстінде. Осындай жобаларды бірлесіп іске асырсақ, мемлекет үшін бюджет қаражатын үнемдеуге, ал жеке кәсіпкер үшін бір қалыпты және ұзақ мерзімге бизнесін дамытуға мүмкіндік алары сөзсіз.
Аталған жоба бойынша қатысушылар тарапынан ұсыныс сұрақтар туындап, қойылған сұрақтарға қолданыстағы заң аясында оң шешімді жауаптар берілді.