(Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг және халықаралық зерттеу жұмыстары)2023 жылдың 19 қаңтар мен 10 наурыз аралығында Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен онлайн форматта бастауыш сынып және математика, физика, химия, биология, география пәндерінің мұғалімдеріне функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, тапсырмаларды құрастыру және педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Конструктивті диалог» өткізілді. Әр аптаның бейсенбі күні бастауыш сынып мұғалімдеріне, жұма күні математика, физика, химия, биология, география пәндері бойынша ұйымдастырылды. Қатысушы педагогтер өзара тапсырмалар орындап, тәжірибе алмасты.
ББЖМ- МОДО 2022-2023 Жоспар