"Экологиялық тимбилдинг" педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясының панельдік секциясы
Ағымдығы жылдың 23 тамызы күні облыстық экологиялық-биологиялық орталығында білім беру ұйымдарында ерте жастан экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы «Экомектеп» және «Экобалабақша» жобаларының жетекшілеріне арналған "Экологиялық тимбилдинг" тақырыбында педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясының панельдік секциясы өткізілді.
Секция жұмысы аясында білім беру процесінде экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің әртүрлі нысандарын пайдалану бойынша теориялық және практикалық мәселелер қаралды.
Оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеудегі тірі табиғат бұрышының маңызы, ағаш-бұта сәндік өсімдіктердің тұқымымен, қалемшемен, өскіндермен көбею тәсілдері, қосымша білім беру жағдайында steam технологиясын қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын қолдау және жандандыру жолдары, эко сөмке-шоппер, денсаулық соқпағы бойынша шеберлік сыныптар өткізіліп, экологиялық анимациялық бейнефильмдер көрсетілді.
«Ерте жастан экологиялық мәдениет» жобасын жүзеге асыру мақсатында білім беру ұйымдарында білім алушылардың қызығушылықтарын арттыруда замануи интерактивті технологияларды қолдану, іс-тәжірибелерді тарату, жобаларды білім беру ұйымындағы білім алушылардың отбасыларымен, басқа да әлеуметтендіру нысандарымен – білім беру ұйымының әлеуметтік серіктестіктерімен тұрақты өзара іс-қимылда және тығыз ынтымақтастықта жүзеге асыру бағытында ұсынбалар қабылданды.