Меню KDT
 

«Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау»

Ағымдағы жылдың 18 тамыз күні Батыс Қазақстан әкімдігі білім басқармасы «Аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығында» аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері мен білім беру ұйымдарының арнайы мамандарына арналған «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында тамыз кеңесінің панельдік секциясы өткізілді.

Секция жұмысы барысында «Арнайы және инклюзивті білім беру жүйесін нормативтік-құқықтық қамтамасыздандыру», «Кохлеарлы импланты бар балалардың есту қабілетін дамыту жұмыстары», «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау барысында консилиум құрудың ерекшеліктері», «Диагностикалау әдіс-тәсілдері», «Жеке түзету бағдарламаларын жасақтау» тақырыптары бойынша іс-тәжірибелер ортаға салынып, ой бөлісілді.



Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Почта:
bkobdo@mail.ru
diso.metodkab@mail.ru
zkociso@mail.ru
zkometodkab@mail.ru
Адрес:
090000, г.Уральск,
ул. Ескалиева, 72
Разработчик ТОО "BenchMark Consulting"