Меню KDT
 

«Mаnagement practice step by step»

2022 жылдың 24 тамыз күні облыстық тамыз кеңесінің білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарларының секциялық отырысы «Mаnagement practice step by step» («Кезең-кезеңімен басқарудың практикасы») тақырыбында өткізілді.

Биылғы тамыз кеңесінің ерекшелігі білім саласында құндылықтарға негізделген білім беру тақырыбына басымдылық танытылды. 

Мақсаты: қатысушылармен бірлескен диалог орнату, білім беру саласындағы проблемаларды, білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылау және жаңа оқу жылының басымдықтары мен негізгі міндеттерін айқындау. Шарада спикерлер шеберлік сағаттары мен презентациялар арқылы өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Секциялық жұмыста білім саласындағы педагогтер мен қызметкерлерден басқа «Тestter.kz.» online платформасының проект менеджері Төлеген Хантөре Ұшқынұлы «Проект менеджер», Bilimland компаниясы, BilimCenter.kz кураторы Аққожа Айдана «Цифрлық ресурстардың білім сапасын жақсартудағы маңыздылығы» тақырыптарында және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы   Хайруллин Біржан Марданұлы «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бойынша бірлескен жұмыстардың нәтижесіне тоқталады.

Басқарма басшысының маманы Бауетдинова Шынар Кабылкайркызы «Арнайы жане инклюзивті білім беру жүйесінде нормативтік-құқықтық камтамасыздандыру» жаңа нормативтік құжаттармен таныстырса, «НЗМ» ДББҰ Орал қаласы Педагог шеберлік орталығы филиалының аға менеджері Мыңбаева Жанна Жұмашқызы «Білім беру ұйымдарында қақтығыстық жағдайларды басқару» тақырыбында мектеп ұжымының арасындағы келеңсіздік әрекеттерді шешудің жолдары туралы топпен жұмыс жасады.

«Өрлеу» БАҰО АҚ «БҚО бойынша кәсіби даму институты» филиалының ДОӘЖО Байкатова Кумис Ильясовна «Педагогтердің біліктілігін арттыру: бағдарламаларды жаңарту және кәсіби дамыту» тақырыбында педагогтерге арналған курстарға тоқталып өтті.

Мектеп басшылары Ергалиева Үміт Ильясовна, Орал қаласы №33 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры «Мектептің миссиясы мен бренді – құндылықтарды қалыптастырудың негізі», Сагынгалиева Шынар Октябрьевна, Орал қаласы Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің директоры «Заманауи мектепті басқару: басшының тайм-менеджменті», Бакытжанова Асем Самиголлаевна, Орал қаласы №5 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры «Инклюзивті білім беру. Әрбір бала үшін қолжетімді орта құру», «Life-coaching: «Мектепті өзгертетін жобалар: жобаларды басқару»» тақырыптарында Бисалиева Акканым Талаповна, Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің директоры орынбасарларымен өз мектептерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Тамыз секциялық отырысы өткен оқу жылында білім беру жүйесін дамыту ісіне қосқан үлесі үшін педагогтерді Басқарма басшысы мен орталықтың Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапаттау рәсімімен қорытындыланды.

АРНАЙЫ ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН НОРМАТИВТІК – ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ

Инклюзивті білім беру – әрбір бала үшін қолжетімді орта құру

Мектептің миссиясы мен бренді - құндылықтарды қалыптастырудың негізі

Заманауи мектепті басқару: басшының Time – менеджменті

ПОВЫШЕНИЕ КВАЛИФИКАЦИИ: ОБНОВЛЕНИЕ ПРОГРАММ И ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ

«Мектепті өзгертетін жобалар: жобаларды басқару»

«Мектепті өзгертетін жобалар» Live coaching

Сыбайлас жемқорлық Хайруллин Біржан Марданұлы



               


Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Почта:
bkobdo@mail.ru
diso.metodkab@mail.ru
zkociso@mail.ru
zkometodkab@mail.ru
Адрес:
090000, г.Уральск,
ул. Ескалиева, 72
Разработчик ТОО "BenchMark Consulting"