«Тәрбие кеңістігі: отбасылық құндылықтар» тақырыбындағы ата-аналар секциялық отырысы
«Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»
тақырыбындағы Батыс Қазақстан облысы білім беру қызметкерлерінің
2022 жылғы тамыз педагогикалық кеңесінің
«Тәрбие кеңістігі: отбасылық құндылықтар»
тақырыбындағы ата-аналар секциялық отырысы
Ағымдағы жылдың 24 тамыз күні аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарының ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңес құрамы мүшелерінің қатысуымен «Тәрбие кеңістігі: отбасылық құндылықтар» тақырыбында тамыз кеңесінің панельдік секциясы өткізілді.
Дискуссиялық ашық алаң форматында ұйымдастырылған панельдік секция аясында «Баланың психологиялық саулығы – отбасының басты байлығы», «Ата-ана мен мектептің бала тәрбиесіндегі рөлі», «Қамқоршылық кеңес жұмысының тиімділігі», «Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары», «Мектептегі медиация: тәсілдер, контекстер, ерекшеліктері», «Дағдарыс орталығының қызметі» туралы ой бөлісіліп, іс-тәжірибе алмасылды.