Меню KDT
 

«Цифрлы білім берудегі трансформация және құндылыққа негізделген жаратылыстану-математикалық білім беру» облыстық тамыз кеңесінің секциялық отырысы

Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 24 тамыз күні жаратылыстану – математикалық бағытындағы пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге «Цифрлы білім берудегі трансформация және құндылыққа негізделген  жаратылыстану-математикалық білім беру» тақырыбында тамыз кеңесінің панельдік секциясы оздырылды.

Мақсаты: жаратылыстану пәндерін оқытуда инновациялық идеяларды және құндылыққа бағытталған білім беру мүмкіндіктерін насихаттау.

Спикерлер: Алматы қаласы, Алматы кітап баспасы,  Астана қаласы, BilimCenter.kz жобасы, Республикалық Caravan Knowledge компаниясы, Орал қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" мектеп-лицей интернаты, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе мектеп-гимназиясы, Шыңғырлау ауданы,  Ащысай мектеп-бөбекжай-балабақша кешені.

Секция аясында аудан әдіскерлерінің «Әдістемелік лайфхактары» инновациялық көрме таныстырылымы, жас педагог пен тәлімгер арасындағы әдістемелік «JAS START FLESH»  жобасы өткізілді.

Сонымен қатар «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы»  әдістемелік нұсқау хаты таныстырылып, «Ғылыми жаратылыстану пәндерін оқытуда 5Е  сабақ жоспарлау үлгісін қолдану»,  «Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін 5Е оқыту циклі арқылы қалай арттыруға болады?», «Құндылыққа бағытталған білім беруде жаратылыстану пәндері бойынша электрондық оқулықтар платформасының тиімділігі», «Цифрлық ресурстардың білім сапасын арттырудағы маңыздылығы және е–партфолио», «Оқыту үрдісіне құндылықтарды мультимодальды ресурстар арқылы енгізу», «NXplorers инновациялық ойлау бағдарламасы және STEM», «Оқытудағы Coreapp.ai платформасының мүмкіндіктері» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ұсынбалар қабылданды. Шараға 200 педагог қатысты.



Телефон:
+7 (7112) 24-08-03
+7 (7112) 26-04-64
Электронды мекен жай:
bkobdo@mail.ru
diso.metodkab@mail.ru
zkociso@mail.ru
zkometodkab@mail.ru
Мекен жай:
090000, г.Уральск,
ул. Ескалиева, 72
Разработчик ТОО "BenchMark Consulting"